Жаңалықтар

Мамыр мерекелерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақшаның мектепалды топтары ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында балалардың өмір қауіпсіздігі барлық талаптарға сай ұйымдастырылды. Саяхат ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін экспонаттарды өз қорына жинақтаған музейге апару арқылы балалардың танымын кеңейтіп, еліміздің батырларына деген құрметтерін, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында жасалды.

Мамыр мерекелерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақшаның ересек топтарында «Жеңіс күні жасасын!» тақырыбында тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды. Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шарада балалар ұлттық ойындар ойнап, ән мен биден шашу шашты.

7 мамыр мерекесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, ата-аналар арасында "Алаңдағы бестемшеден" жарыс ұйымдастырылды. Әр топтан қатысқан ата-аналарды жарыс барысында командалық ойын ерекшеліктерімен таныстырып, маңыздылығы насихатталды. Ойынға қызығушылық пен белсенділік танытқан ата-аналарымызға ұжым атынан алғыс білдіреміз!

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!