Жаңалықтар

Маусым айындағы туылған күн.  

Тау суындай таусылмас қайрат,

Сыр суындай сарқылмас жігер,

Гүлдей жайқалған ғұмыр,

Гүлдей тербелген өмір тілейміз.

Біздің балабақшада «Балалар жылы» аясында «Егіздер шеруі» өтті. Басты мақсат егіз балаларды бір – бірімен таныстырып, достық қатынас қалыптастыру. Егіздер шеруіне барлық топтың балалары қатысты. Мұнда бүлдіршіндерге ерекше көңіл – күй сыйланды.

№ 5 «Ақбота» балабақшасында барлық ұйымдастырылған оқу қызметтері ойын түрінде өтеді.

Біз ойынның үлкен қолданушыларымыз. Өйткені ойындар ойлауды, логиканы дамытады, өз бетінше шешім қабылдауға және топпен жұмыс жасауға үйретеді.

Балабақшамызда жол қауіпсізідігі бойынша «Тәртіпті әлем – Джуди Хоппспен» тақырыбында қуыршақтар театры өтті.

Мақсаты:  Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру. Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін театр ертегісі арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!