№5 "Ақбота" балабақшасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Бала мерген" (садақ ату) жобасы іске асырылуда. Садақ ату - сабырды шыңдап, шыдамдылық пен табандылыққа баулиды, сананы тәрбиелейді, ақыл-ойды дамытады. Жебені адырнаға салып тартқан кезде, алыс-жақынды барлау арқылы көздің көруінің жұмысы артады. Осы орайда балабақша бүлдіршіндерінің рухы мықты, жігерлі, батыл болып қалыптасуына үлкен септігін тигізіп жатқан "Бала мерген" жобасының қолданылу аясы кеңейе берсін дейміз. Жақсылықты ту еткен бала мергендердің шеберліктері шыңдала берсін!
Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іске асырылған шоқтығы биік жобалардың бірі - "Шабандоз" жобасында бүлдіршіндеріміз атқа қалай мініп, үзеңгіге бірінші қай аяқты салу керектігін үйренеді, қамшы, үзеңгі, жүген туралы біледі. Балалар өте жағымды әсер алады және денсаулығына өте пайдалы, денелері ширақ, өздерін сергек сезінеді.
5 "Ақбота" балабақшасының ата-аналары ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Астана қаласының басқа балабақшаларына "Алаңдағы бестемше", "Бес тас", "Асық ату" ұлттық ойындарынан челлендж жолдайды. Жас ұрпақтың бойына ата дәстүрін сіңдіріп, қазақилығымызды мақтан тұту - өзімізден бастау алмақ. Ұлттық ойындарға деген ілтипат пен қызығушылық - әрқашан жоғары болғай!