Республика күніне – ұлттық ойынның жаңа тынысы!
Бүгін балабақшамызда Республика күніне орай «Алаңдағы тоқыма Бестемше» ойынының жаңа түрі таныстырылып, қызықты жарыс өтті! Бұл жаңашыл нұсқа – дәстүрлі ұлттық ойын мен қолөнер элементтерін біріктірген ерекше формат.
Балалар жіппен ойнау арқылы:
– саусақ бұлшықеттерін дамытады,
– майтабандылықтың (табанының дұрыс қалыптасуы) алдын алады,
– қимыл үйлесімділігін, зейінін, және логикалық ойлауын жетілдіреді. Тоқыма Бестемше – баланың қолы мен табанына бірдей әсер етіп, оның ұсақ моторикасын, координациясын және кеңістікті сезіну қабілетін арттырады. Ойын барысында қозғалыс, ой және сезім бір арнаға тоғысып, баланың дене және ой дамуы табиғи түрде жүзеге асады. Бұл – ұлттық дәстүр мен денсаулықтың үндестігі, баланың болашаққа нық қадам басуына бағыт беретін тәрбиелік инновация.



