Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» тақырыбындағы съезд Егемендік алғаннан бері алғаш өткізілді.
Осыған дейін 1927 жылы соңғы рет өткізілген деседі. Көкшетау қаласында өткен алғашқы съездің алғашқы делегаты болып балабақшамыздың меңгерушісі М.Айтқалиқызы барып іс-тәжірибиемізбен бөлісіп қайтты. Көтерілген мәселелер естір құлаққа жетті. Оң шешімін табады деген сенімдеміз! ҚР Білім және ғылым министрі @aimagambetov пен Нұрсұлтан қаласының делегаттары.



